$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ХҚО-лар наурыз айында қалай жұмыс істейді

Жұмыс кестесі жарияланды

Қазақстанда ХҚО-лар наурыз айында қалай жұмыс істейді
Фото: Azattyq Rýhy

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.

Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар үшін жұмыс күні болмайды.

25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚО мен МХҚО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында,  Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.