Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 957 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus202.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 6688 (+123)
- Алматы қаласы - 7591 (+231)
- Шымкент қаласы - 4067 (+81)
- Ақмола облысы - 1688 (+35)
- Ақтөбе облысы - 2178 (+63)
- Алматы облысы - 3130 (+34)
- Атырау облысы - 7928 (+266)
- Шығыс Қазақстан облысы - 3012 (+100)
- Жамбыл облысы - 2189 (+71)
- Батыс Қазақстан облысы - 3990 (+99)
- Қарағанды облысы - 6244 (+176)
- Қостанай облысы - 1605 (+49)
- Қызылорда облысы - 1784 (+54)
- Маңғыстау облысы - 2049 (+107)
- Павлодар облысы - 1803 (+77)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1723 (+70)
- Түркістан облысы - 2230 (+10) адам.
Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 59899.