Оқиға сауда орталықтарының бірінде болды
Павлодарда полиция қызметкері алаяқтық әрекеттің алдын алып, 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаланың сауда орталықтарының бірінде зейнет жасындағы әйел банкомат арқылы ақша аударуға әрекет жасаған.
Осы сәтте сол жерде болған Павлодар облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі Сауле Сакиянова зейнеткердің әрекетіне назар аударған. Әйелдің бейтаныс адамдардың нұсқауымен сөйлесіп, әрекет етіп тұрғаны күдік тудырған.
Алаяқтық схемасын болжаған полиция қызметкері азаматшаға оның алдануы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан. Психологиялық қысымның әсерінен зейнеткер алғашында байланысқа бірден шықпағанымен, тәртіп сақшысы оны жалғыз қалдырмай, ақша аударуды тоқтатуға ықпал етіп, бірден «102» арнасына хабарлаған.
«Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғалардың зейнеткерге қоңырау шалып, терминал арқылы шамамен 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты иемденуге тырысқанын анықтады. Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кең таралған алаяқтық тәсілдері түсіндірілді.
Сауле Сакиянованың қырағылығының арқасында заңға қайшы әрекеттер дер кезінде тоқтатылып, материалдық шығынға жол берілген жоқ», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Полиция ескертеді: