Шымкентте арнайы тексерістен соң орман қорының аумағына қосымша 1 млн гектарға жуық жер қосылды
Прокурорлар арнайы талдау жүргізді
Шымкент қаласының прокуратурасы заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау аясында мемлекеттік орман қорының құрамына енгізілуге жататын өзге санаттағы жер учаскелерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қала әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия құрып, оның жұмысының қорытындысы бойынша аталған жерлерді орман қоры жерлерініңсанатына ауыстыру мақұлданды.
Қала әкімінің қаулысымен Абай ауданында орналасқан жалпы алаңы 976,355 га құрайтын жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына ауыстырылды.
«Қабылданған шаралар орман аумақтарын қорғаудың құқықтық режимін нығайтуға, экологиялық тұрақтылықты арттыруға және қаланың мемлекеттік орман қоры аумағын одан әрі ұлғайтуға бағытталған.
Ормандарды қорғау және сақтау мәселелері қала прокуратурасының тұрақты бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.