$ 498.09  577.34  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жасөспірімді зорлаған ер адам 16 жылға сотталды

Кәмелетке толмаған балаға күш қолданған айыпталушы өмір бойына балалармен жұмыс істеу құқығынан айырылды

Павлодарда жасөспірімді зорлаған ер адам 16 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Павлодар облысында жасөспірімге күш қолданып, зорлық жасаған ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған қылмыстың мән-жайы заң талаптарына сәйкес жария етілмеді. Осыған байланысты сот процесі жабық режимде өтті.

Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, оған 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

«Сот үкімімен Ш. кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу анықталды», - деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.