Қайғылы оқиға 2025 жылғы 20 қараша күні болды
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында өткен жылдың қарашасында Ақтөбе қаласында болған адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 20 қарашада ер адам автокөлік тізгінінде отырып, жұбайымен бірге Богослов тасжолы бойымен келе жатқан. Жол үстінде олардың арасында жанжал туындаған.
Сотта анықталғандай, ер адам көлікті тоқтатып, асүй пышағын алып, артқы орындыққа әйелінің жанына отырған. Ол жұбайын етпетінен жатқызып, сол аяғымен арқасынан басып тұрып, мойын тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Осыдан кейін ер адам жолай арқан сатып алып, өндірістік цех аумағына барған. Сол жерде жабдықтың үстіне шығып, асылып қалған. Ерлі-зайыптылардың артында бес баласы қалды.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тіркелген. Алайда айыпталушының қайтыс болуына байланысты оның адвокаты істі тоқтату туралы өтініш білдірген. Прокурор бұл өтінішті қолдаған.
Сот ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабына сәйкес (күдіктінің қайтыс болуына байланысты) қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.