3 наурыздан бастап Дубай – Алматы және Дубай – Астана бағыттарына алғашқы рейстер орындалады
Бүгін, 3 наурыздан бастап Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға тұрақты рейстерін қайта іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, алғашқы кезеңде 2 бағыт бойынша ұшу жоспарланған. Атап айтқанда, FZ1533 рейсі Дубай – Алматы бағытына 170 орындық әуе кемесімен, ал FZ1395 рейсі Дубай – Астана бағытына 170 орындық әуе кемесімен орындалады.
Ведомство ақпарынша, рейстердің нақты уақыты мен орындалу жағдайы әуе компаниясының ресми ақпараттық арналары арқылы тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Осылайша, уақытша үзілістен кейін Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әуе қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде.