Қар жауып, боран соғады: еліміздің бірқатар өңірінде алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қазақстанның бірқатар өңіріндегі ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 2 наурызда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар мен боран болуы мүмкін.

Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.