Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген

Фото: © istockphoto.com

Түркістан облысының Ақсукент ауылында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жасөспірім қызды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаның мән-жайы

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мектеп оқушысы түрлі жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккен қызға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.