Қайғылы оқиғада қаза тапқан бойжеткен ауылдан қатынап жұмыс істеп жүрген
Щучинск қаласындағы кафелердің бірінде болған жарылыстың себеп-салдарын анықтау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнында болған тағы бір куәгер жарылыстан кейінгі алғашқы сәттерде не болғанын айтып берді.
Есімін жариялаудан бас тартқан ер адамның мәліметінше, ол жарылыс болған сәтте нысан маңынан өтіп бара жатқан. Кенеттен қатты дыбыс естіліп, соққы толқыны оны шетке қарай ұшырып жіберген. Оның айтуынша, бәрі бір сәтте болған. Жарылыстың екпіні өте қатты сезілген.
Сондай-ақ, ол қаза тапқан бойжеткенді танитынын жеткізді. Марқұм оның танысының жиені болған. Қайғылы күні бойжеткен жұмыс орнында кезекшілік ауысымында жүрген. Куәгердің айтуынша, ол әпкесімен бірге ауылдан келіп, Щучинскіде жұмыс істеген. Тұрақты жұмыс болмағандықтан, олар 2 күн сайын қатынап еңбек етіп жүрген.
Қазір тиісті органдар жарылыстың нақты себептерін анықтап жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.