$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасанды интеллект бюджеттің кірісі мен шығысын болжайтын деңгейге жетті – Қаржы министрлігі

Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы фискалды чектен бастап өңірлердің бюджетіне дейін көрсетуге қауқарлы

Жасанды интеллект бюджеттің кірісі мен шығысын болжайтын деңгейге жетті – Қаржы министрлігі
Фото: istockphoto.com

Былтыр «Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы» жобасы әзірленіп, бюджеттің кіріс-шығысын нақты орналасқан жерімен көрсету мүмкіндігі енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2026 жылы жоба ЖИ-аналитикасы бар, өңірлердің рейтингтерін қалыптастырып, әлеуметтік инфрақұрылымды жоспарлауға мүмкіндік беретін экономиканы талдау платформасына трансформацияланады.

Мемлекеттік органның цифрлы бейіні шеңберінде кірістер мен шығыстардың мониторингі, қаржы тәртібін бақылау және қаражаттың игерілмеуін талдау іске асырылды.

«Жасанды интеллект өткен жылдардағы мәліметтер негізінде бюджеттің кірістері мен шығыстарын болжауға икемделді. Қаржылық сценарийлерді модельдеу көзделіп отыр.

Тауарлардың ұлттық каталогы мемлекеттік сатып алулар, кеден және фискалды чектер үшін анықтамалық деректер көзіне айналды», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, ЖИ көмегімен көшірме мәліметтер жойылғаннан кейін тауар саны 400 мыңнан 15 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бірегей кодтары бар 400 млн-нан астам чек фискалды деректер операторларына берілді.

Каталог мемлекеттік сатып алулармен, маркетплейстермен және ЭШФ-мен интеграцияланған.