Той иесі ірі көлемде айыппұл төлейді
Алматыда карантин кезінде жасалған тағы бір той тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
«Қала әкімдігінің мониторинг тобы Бостандық ауданында өткізіліп жатқан тойдың үстінен түсті. Қалада қосымша шектеу шараларының енгізілгеніне қарамастан, «Райский сад» мейрамханасында қыз ұзату тойы өткізілген», - деп жазылған телеарна сайтында.
Тойхана иесі енді ірі көлемде айыппұл төлейді. Арнайы хаттама толтырылды. Той тоқтатылып, қонақтар үйлеріне қайтарылды.
Естеріңізге сала кетсек, 27 маусым күні Алматыда карантин кезінде 100 адам келген үйлену тойы болып жатқан мейрамхана анықталған еді.