11.07.2020, 23:18
Жаңалықтар
Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб анықталды
Компьютерлік клуб пен караокеде 70-ке жуық адам болған
Фото: ашық дереккөзден
Қарағандыда арнайы мониторингтік топ мүшелері карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Карантин кезінде компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан, мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Онда 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар», - делінген хабарламада.
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге айыппұл салынады, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды