Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжолдар жабылып қалды

Автор: Асыл Арман

Ауа райына байланысты осындай шешім қабылданды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысы шектелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания мәліметінше, республикалық маңызы бар тасжолдардың мына учаскелерінде көлік қозғалыс жабық болады:

Қарағанды облысы:

  • Сарышаған кенті – Жамбыл облысы шекарасы.

Жамбыл облысы:

  • Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы.

Жолдарды 27 ақпан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

 

«Сонымен қатар, Абай, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

Осыған байланысты Қазақстан ТЖМ жүргізушілерге ескерту жасады», – делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.

Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты мына қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  • дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
  • жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
  • алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.