Олар коммуналдық қызметкерлерге құрмет көрсетті
Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алғыс айту күніне орай «Мейірімділіктің – ізгілік жолы» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл күні орталықтың зейнеткерлері қала игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетті. Аязды күндері көшелерді тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай, бауырсақ пен тәтті тоқаштар таратты.
Акция барысында зейнеткерлер олардың қажырлы еңбегі, жауапкершілігі мен қала тазалығына қосқан үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Жылы сөздер мен ыстық дәмдер суық күнде қолдау мен жанашырлықтың белгісіне айналды.
Бұл шара адамдардың еңбегін бағалап, бір-біріне мейірім мен қамқорлық көрсету қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.