Қостанай облысындағы өнеркәсіп аймағында экологиялық талаптар бұзылғаны анықталды
Заңсыз табиғат пайдаланушыларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар хабарланды
Қостанай облысында экологиялық бұзушылықтарға қарсы күрес күшейтілді-2025 жылы табиғатты қорғау прокуратурасы 21 «Экологиялық заңсыздық» қызметінің жолын кесті. Мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пркоуратуның мәліметінше, Қостанай қаласының өнеркәсіптік аймағында «Групп Строй Сервис» ЖШС қажетті рұқсатсыз бетон зауыты мен асфальт араластырғыш қондырғының жұмысы ұйымдастырылған.
«Кассациялық алқаның 2026 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен компанияға құқыққа қарсы қызметке тыйым сала отырып, 5,4 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұлдың мөлшерін анықтау кезінде сот шығарындылардың екі көзі заңсыз жұмыс істегенін ескерді», – делінген хабарламада.
Экологиялық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмысы жалғасып жатыр.