Непалда ірі жол апатынан 19 адам қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Автобус өзенге құлаған

Фото: freepik.com

Непалдың орталық бөлігіндегі Дхадинг округінде Покхарадан Катмандуға бағыт алған жолаушылар автобусы тас жолдан шығып кетіп, Тришули өзеніне құлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Салдарынан 19 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Қаза тапқандардың арасында бір Қытай азаматы бар. Тағы бір Қытай азаматы жарақат алып, қазіргі уақытта жергілікті ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл ақпаратты Қытайдың Непалдағы елшілігі растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста 45 адам болған.