Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың әкімшілігіне 14,3 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәлірек айтсақ, агенттік «Түркістан халықаралық әуежайын» келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексерген.
«Тергеп-тексеру барысында «Түркістан халықаралық әуежайы» тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Сондықтан, әуежай әкімшілігіне 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.