$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Челахты соттаған судья қызметінен босады

Жоғары сот арнайы хабарлама жариялады

Челахты соттаған судья қызметінен босады
Фото: Жоғары сот кеңесі

Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысын қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заңының талаптарына сәйкес Астана қалалық соты, Алматы қалалық соты және Жамбыл облыстық соты төрағаларын тағайындау жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Барлық бос лауазымға ұсыныстар баламалы негізде енгізіледі, бұл іріктеу рәсімдерінің бәсекелестігі мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

«Талқылау нәтижесінде Жоғары сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының ұсыныстарын қолдап, кәсіби тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ең білікті әрі тәжірибелі судьяларды ұсынды.

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Жоғары сот кеңесі өз қызметін заңдылық, ашықтық және айқындық қағидаттарына негіздей отырып жүзеге асырады. Бұл кадрлық шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, елдің кәсіби, тәуелсіз және тұрақты судьялар корпусын қалыптастыруға ықпал етеді», – делінген хабарламада.