$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мұндай кезде қала аспанында қою түтін түзіледі

Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

Алматыда ауа сапасы күрт нашарлайды. 2026 жылғы 22 ақпанда мегаполисте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады деп болжануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған желсіз күн, баяу жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай кезде қала аспанында қою түтін түзіліп, ауаның сапасы адам денсаулығына қауіп төндіретін деңгейге жетуі мүмкін. Ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, ылғалдылық пен ауа температурасы тікелей әсер етеді.

Мамандар кеңесі

Ауаның ластануы әсіресе созылмалы ауруы бар жандарға, балалар мен қарттарға қатты әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты мамандар келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

Тас жолдар мен өндіріс орындарының маңында ұзақ жүрмеуге тырысыңыз. Балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуден уақытша бас тартқан абзал.

Өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені абзал.

Ашық ауада дене жаттығуларымен айналысуды шектеңіз. Спортпен тек жабық кешендерде айналысқан жөн.

Үйді желдетуді ауа сапасы қалпына келгенше тоқтата тұрған дұрыс.