Бүгін «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті
Бүгін «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті. Онда Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Конституциялық комиссияның мүшесі Үнзила Шапақ халықаралық құжаттарды ратификациялаудың жаңа тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу механизмін заң арқылы белгілеу арқылы біз құқықтық айқындықты анықтап береміз және іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтаймыз. Кепілдіктерді, азаматтарымыздың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеміз. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, біз заң, міне, халықаралық шартты міндеттемелердің ратификациялауға дейін сұрақта болатын болса, Конституциялық сот арқылы олардың Конституцияға сәйкес келетіндігі туралы тұжырым жасата аламыз», – деді ол.
Айта кетсек, дәл осы жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституцияның тек ең жоғары заң ғана емес, сонымен бірге өзіндік қоғамдық келісім екенін атап өтті.
Сонымен қатар ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым заңның сапалы болуы неліктен өте маңызды екеніне тоқталды.
Ал ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Құрылтай мен Халық кеңесі институты не үшін енгізіліп отырғанын айтты.
Дәл осы жиында ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова өңірлердің өмір сүру деңгейінің маңызына тоқталды.