Елімізде 22 ақпан күні ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бірқатар өңірде қалың қар жауады

Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, көрініс мүмкіндігі шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер мен солтүстік-батыс циклоны өз ықпалын сақтайды. 

«22 ақпанда Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауады. Бұл тас жолдардағы ахуалды қиындатып, көлік қозғалысын шектеуге себеп болуы мүмкін», — деп ескертті «Қазгидромет» мамандары.

Республиканың басым бөлігінде тұман, қатты жел және көктайғақ болады.