Қар құрсауынан бір отбасы құтқарылды
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында жеңіл автокөлікке мінген бір отбасы қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ күштерімен бір отбасының 3 мүшесі құтқарылып, Жымпиты ауылына жеткізілді. Олардың арасында бір бала және жүкті әйел болды. Медициналық көмек қажет болмады.
«ТЖМ қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға және автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты алдын ала нақтылауға кеңес береді. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.