Алматыда Төле би көшесі уақытша жабылады
Көше демалыс күндері жабық болады

Алматыда демалыс күндері Төле би көшесі - Қожамқұлов көшесінен Шәріпов көшесіне дейін жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің хабарлауынша, Төле би көшесі екі бағытта 11 шілдеде таңғы сағат 8-ден 13 шілде күні таңғы сағат 6-ға дейін жабылатынын хабарлады.
«Уақытша шектеулер осы көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистраль құбырды ауыстыру үшін енгізіледі. Қаланың жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жоспарланған бұл шара Алматы тұрғындарын күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясымен қамтамасыз ету үдерісіндегі қауіп-қатерлерді азайту үшін қажет. Мәжбүрлі қолайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - делінген хабарламада.