Бірқатар өңірде қатты жауын-шашын, көктайғақ пен екпінді жел тұрады
19 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жаңбыр соңы қарға ұласып, кей жерлерде қалың қар, көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні бірқатар облыста 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей тұста 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында да түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Қарағанды облысында түнде жауын-шашын түсіп, кей жерде қатты жаңбырдың соңы қарға айналады. Күндіз қар жауып, солтүстік пен шығыста қалың қар күтіледі. Облыстың бірнеше бөлігінде тұман мен көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қарағанды қаласында да осыған ұқсас жағдай қалыптасады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында да түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жолдар тайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Бірқатар ауданда тұман түсіп, тау асуларында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өскеменде де осындай жағдай сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Мұғалжар ауданында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Абай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с-қа дейін күшейеді. Семей қаласында да осындай ауа райы сақталады.
Павлодар облысында түнде жаңбыр соңы қарға ұласып, күндіз қар жауады. Бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар қаласында да көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с. Жамбыл облысында тұман түсіп, кей ауданда жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда таңертең және күндіз екпінді жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады.
Астанада 19 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Көкшетауда жолдар тайғақ болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты алыс жолға шыққанда сақ болуды, көлік қозғалысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.