$ 489.3  578.94  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО әкімінің орынбасары істі болды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

Ақпарат ресми түрде расталды

ШҚО әкімінің орынбасары істі болды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
Фото: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты агенттікке Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі растады.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Ал Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ екенін хабарлады. Қолда бар дерекке сәйкес, ол денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алған.