Алматыда жол апатынан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда Рысқұлов-Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көпірде жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды, деп жазады Тengrinews.kz СТВ арнасына сілтеме жасап

Фото: tengrinews.kz

Куәгерлердің айтуынша, Рысқұлов көшесінде келе жатқан КамАЗ белгісіз себеппен Toyota Camry көлігіне, ал ол «Газельге» және тағы бір Camry-ге соғылған.

Жол апатынан төрт адам зардап шеккен, олардың арасында бір жасар бала да бар.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттардан ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты.