Ақтөбеде клиенттердің есеп-шотынан ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды

Жарияланған:
01.11.2019, 09:03

Қазіргі таңда осы дерек бойынша іс сотқа жіберілді

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде банк қызметкері алаяқтықпен ұсталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ол онлайн банкинг жүйесі арқылы өз клиенттерінің шотынан 1 миллион 200 мың теңге ұрлаған. Әуелі полицияға бес адам өз шоттарынан ақша ұрланғандығын айтып шағымданған. Ал банктегі қызметтік тексерістен кейін 17 адамның шотынан 1 миллионнан астам қаражаттың қолды болғандығы анықталған. Жас жігіт Ақтөбедегі екінші дәрежелі банктің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Ол клиенттеріне банк қосымшасына өзі тіркеу жасап, қосымшаны пайдалануды көрсеткен көрінеді. Артынан клиенттеріне білдіртпей, шоттарынан бес мың теңгеге дейінгі қаражатты өз шотына аударып отырған көрінеді.

«Алайда, аталған банк қызметтік тексеру жүгізу кезінде клиенттердің өздері өз шоттарынан аталған ақша қаражатын осы банктің бұрынғы қызметкерінің шотына аударғанын анықтады. Қазіргі таңда осы дерек бойынша іс сотқа жіберілді. Күдікті анықталды», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Полицейлердің мәліметінше, биыл Ақтөбеде осындай онлайн банкинг арқылы ақша ұрлаған 28 кибер қылмыскер ұсталған.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
17 қарашаға ауа райы болжамы
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.