Ресейлік блогер ұлына Димаш Құдайбергеннің есімін берді
Блогер өз ұлының Димаш Құдайберген секілді өнегелі адам болғанын қалайтынын айтты
«Будда Гришна» деп аталатын YouTube-арнаның авторы өз ұлына Димаш Құдайбергеннің есімін бергенін айтты, деп жазады BaigeNews.kz.
«Балаға есім беру — өте жауапты іс. Мен бала тәрбиесінде аз да болса Светлана мен Қанат Айтбаевтарға ұқсағым келеді. Ұлымның Димаш Құдайберген сияқты өнегелі және керемет адам болғанын қалаймын», деді блогер.
Оның айтуынша, ол балаға бұл есімді берерде аздап күмәнданған. Дегенмен, блогер қазір бұл шешіміне өкінбейтінін айтты.
«Мен балама Димаш деген есім бердім. Бұл энергетикалық тұрғыда мықты есім. Ұлымды шақырған сайын мен Димаш Құдайбергенді елестетемін және ұлымның бойынан Димаштың әлемге шашып тұратын тазалығы мен мейірімін көргім келеді», дейді блогер.