$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мектепке «бомба қойған» үш оқушы қолға түсті

Олардың ата-анасы жауапқа тартылды

Алматыда мектепке «бомба қойған» үш оқушы қолға түсті
Фото: Терроризмге қарсы орталық

Алматыда мектептердің бірінде оқушылар таратқан лаңкестік акт туралы жалған ақпарат анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үш оқушы сабағын болдырмау мақсатында бұзақылық ниетпен жарылғыш құрылғы салынғаны туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама расталған жоқ, қауіп-қатер жалған болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жасөспірімдер құқық бұзушылықты саналы түрде жасағаны анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ретінде олардың ата-аналары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Миналау немесе лаңкестік шабуыл қаупі туралы кез келген жалған хабарлау жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық болып саналады. Мұндай жағдайларда жедел қызметтер тартылады, сабақтар тоқтатылады және білім беру мекемелерінің жұмысы бұзылады. Ата-аналарды балалардың бос уақытына, олардың желідегі байланысы мен белсенділігіне назар аударуға, сондай-ақ мұндай әрекеттердің орынсыздығы туралы түсіндіру әңгімелер жүргізуге шақырамыз», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПБ киберқылмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Полицияда ата-аналарға мынаны ұсынды:

  • балалардың желіде қайда және қалай уақыт өткізетінін бақылау;
  • олардың қандай чаттар мен онлайн ойындарға қатысатынына қызығушылық таныту;
  • жалған қоңыраулар мен арандатушылық хабарламалар үшін жауапкершілікті түсіндіру;
  • жасөспірімдерде цифрлық қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету шараларының бөлігі ретінде жалғасып жатыр.