Полиция автобуста балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған құқық бұзушыны анықтады
Абай облысында ер адам автобуста бейәдеп сөз айтамын деп сотты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізді. Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – Семей қаласының 48 жастағы тұрғыны.
Анықталғандай, ер адам қоғамдық көлік салонында мас күйінде болып, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
«Жасалған құқыққа қайшы әрекеттері үшін оған екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді: ұсақ бұзақылық және қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу. Әкімшілік материал сотқа жолданды», – делінген ПД хабарламасында.