Оқыс оқиға бүгін сағат 08:00 шамасында болды
Қарағандыда таңертеңгі уақытта жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апат Майқұдық ауданындағы орталық көшелердің бірінде болды. Жеңіл автокөлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысқан.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 16 ақпанда сағат 08:00 шамасында Магнитогорская көшесінде Jac маркалы жедел жәрдем көлігі мен Hyundai автокөлігі соқтығысып қалды.
Жол апаты салдарынан Hyundai автокөлігінің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.