15.02.2026, 18:35
Жаңалықтар
БҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты жол жабылды
Онда көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Фото: © istockphoto.com
Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты тас жолдардың бірінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» тасжолының 4-104 шақырым аралығында (Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске) көлік қозғалысына тыйым салынды.
Шектеу келесі көлік түрлеріне қатысты:
- Жүк көліктері;
- Қоғамдық көліктер.
Синоптиктердің болжамы бойынша, аталған учаскедегі жол 15 ақпан күні кешке ашылады. Алайда, ашылу уақыты ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды