$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда өткен марафонға 22 елден 2,5 мың адам қатысты

Шара спорттық маусымның шымылдығын ашты

Алматыда өткен марафонға 22 елден 2,5 мың адам қатысты
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда дәстүрлі Winter Run жаппай жүгіру жарысы өтіп, спорттық маусымның шымылдығын ашты. Қала әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған шара биыл халықаралық деңгейде ерекше серпін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Биыл жарысқа 2 500 адам қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл жолғы дода шетелдік спортшылардың көптігімен ерекшеленді. 22 елден 116 шетелдік желаяқ бақ сынаған.

«Winter Run – әуесқойлар мен кәсіби спортшылардың басын қосатын, спорттық маусымның бастауы. Шетелден 116 спортшының қатысуы жарыс ауқымының кеңейгендігінің көрсеткіші», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Марафонға қатысушылардың тізімі әлемнің түкпір-түкпірін қамтиды. Орталық Азия елдерінен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) бөлек, Алматы көшелерінде мына мемлекеттердің азаматтары жүгірді: Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Польша, Швейцария, Швеция, Норвегия, Украина; Беларусь, Ресей; АҚШ, Канада, Қытай, Моңғолия, Филиппин және Жаңа Зеландия.

Қысқы жүгіру жарысы қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлап, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды құралына айналды.