$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айдос Сарым: Бізге адамның энергиясына негізделген экономика керек

Астанада «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды

Айдос Сарым: Бізге адамның энергиясына негізделген экономика керек
Фото: «Референдум-2026» онлайн-марафоны

Астанада «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды. Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаңда ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мəнін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оның пікірінше, Қазақстан жаңа бір дәуірге аяқ басты. Бұл кезеңде егемендіктің қайнар көзі – халық.

«Біз бір дәуірді аяқтадық — біз Қазақстандағы мұнай дәуірін аяқтадық. Мұнайды табу қала беретін шығар, бірақ диджитал заманының келуінің екінші жағы да бар. Бізге қазір енді мұнайдың энергиясына емес, адамның энергиясына негізделген экономика керек», – деді депутат.

Оның сөзінше, қазір елдегі шағын және орта бизнестің үлесі қырық пайызға жетті.

«Бұл үлкен жетістік. Бірақ бұдан да артуы керек. Сонда ғана біздің экономика да, біздің мемлекет те қарапайым халыққа тәуелді болады. Сол кезде ғана осының бәрі бір-бірімен астасып, бір-бірін қолдап жатады», – деді Сарым.

Депутат Конституцияның үлкен бір өзгерісі бар екенін айтты.

«Бір апта бұрын «Биліктің қайнар көзі — халық», — дейтінбіз. Енді біз: «Егемендіктің де қайнар көзі мен қорғаны — халық», — дейміз. Яғни жауапкершілікті бөлетін, жауапкершілікті ортақ ететін дәуірге келдік», – деді ол.