АҚШ-та бір аптада 1,3 миллион адам жұмыссыз қалған
Америкада көптеген кәсіпорын жабылып жатыр

АҚШ-та соңғы бір аптада 1,3 млн адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
«Америкада пандемияға байланысты адамдар ақысыз демалысқа жіберіліп жатыр. Сонымен қатар көптеген кәсіпорындар жабылып, тұрғындар жұмыссыз қалды. АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны күн санап артып жатқанның салдарынан, өткен аптада 1,3 млн азамат жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақыға өтініш жазған. Бұл Америка экономикасының қайта қалпына келуін күрделендіре түсті», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, қазіргі таңда әр штат жұмыс орындарын қайта ашу шарттарын қарастырып жатыр. Маусым айында 4,8 млн адам жұмысына қайта оралды. Бұл жұмыссыздық көрсеткішін 13,3 пайыздан 11,1 пайызға төмендетті.