Шымкенттегі атыстан кейінгі видео жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Шымкент дәмханасында оқ атқандар әлі табылған жоқ, ал жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр, деп жазады astanatv.kz

Фото: sputniknews.kz

«Біздің қолымызға қанды қылмыс орнында түсірілген эксклюзивті бейнекадрлар тиді. Онда криминалистердің жұмыс істеп жатқаны таспаланған. Кадрда мамандар оқ жарақатынан жан тапсырған жігіттің мәйітіне сараптама жасауда. Қанға боялған шағын бөлмеде полицейлер жедел түсірілім жасап жатыр. Бұдан бөлек әуесқой түсірілім де жүріп жатқаны байқалады», деп хабарлады astanatv.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің басқарма басшысы Әсел Сәденованың айтуынша, оқиға орнынан әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Тегтер: