$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстан облысында 35 ауыл арақ-шарап сатпайтын болды

Қаратал ауылында соңғы бес жылда алкогольге байланысты бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген

Солтүстік Қазақстан облысында 35 ауыл арақ-шарап сатпайтын болды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында Қаратал ауылы арақ-шараптан бас тартқан Есіл ауданындағы төртінші және аймақтағы отыз бесінші алкогольден толықтай бас тартқан елді мекен атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы шешімге орай ауыл ақсақалдары челлендж ұйымдастыруды ұсынды. Іс-шараны өткізуге жергілікті атқарушы органдар, полиция және прокуратура қызметкерлері қолдау көрсетті. Ауыл тұрғындары скандинавиялық жүріс жасап, туған ауыл көшелерімен жүріп өтті, салауатты өмір салтын ұстанатынын көрсетті және челленджді Мамлүт ауданына жолдады.

Қаратал ауылы Николаев ауылдық округінің құрамына кіреді. Мұнда 19 үйде елу адамнан астам тұрғын тұрады, жастар қаладан келіп тұрады. Ауылдық округке тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Ринат Сәдуақасов қызмет көрсетеді. Қаратал ауылына ол негізінен профилактикалық әңгімелер жүргізу үшін барады.

Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, бұл елді мекенде соңғы қылмыс 2023 жылы тіркелген. Ол кезде мал ұрлығымен айналысқан топ мүшелері бір қойды ұрлаған. Күдіктілер сол жылдың қыркүйегінде ұсталды. Соңғы бес жылда Қараталда алкогольге байланысты бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Полиция подполковнигі Мұхамбетжановтың пікірінше, «ішімдіксіз ауыл» дәстүрі – заң мен тәртіп қағидаттарын жүзеге асырудың сенімді кепілі.