Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Автор: Асыл Арман

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді жалғастыруда. Бүгін, 12 ақпанда, отандастарымыз спорттың төрт түрінен сынға түседі. Оның ішінде фристайл-могулдан ақтық сын да бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спорт түрі: Тау шаңғысы, супергигант (әйелдер)

  • Қатысушы: Александра Скороходова;
  • Басталу уақыты: 15:30.

Спорт түрі: Фристайл-могул, финал (ерлер)

  • Қатысушы: Павел Колмаков;
  • Басталу уақыты: 16:15.

Спорт түрі: Шаңғы жарысы, жеке уақыт бойынша жарыс (әйелдер)

  • Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко;
  • Басталу уақыты: 17:00.

Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты, 5000 метр (әйелдер)

  • Қатысушы: Надежда Морозова;

Басталу уақыты: 20:30.