Шымкентте жол бойында жаппай төбелес болып, 3 адам қамауға алынды
Көшедегі жанжал қылмыстық іске ұласты
Шымкентте көшеде болған жаппай төбелеске байланысты 3 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Otyrar арнасының ақпарынша, бір топ жас көше бойында жаппай төбелес ұйымдастырған. Желіде тараған видеода жүріп бара жатқан көлікті тоқтатқандар жаппай төбелескені анықт көрінеді. Кейбірі оларды ажыратуға талпынған.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы негізінде іс қозғалды. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан барлық азаматтарды жедел анықтап, ұстаған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жол үстіндегі келіспеушілік ашық төбелеске ұласып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірген. Қазіргі уақытта 3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары әрбір қатысушының әрекетіне жеке құқықтық баға берілетінін және кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді.