$ 494.75  586.77  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теледидарды көтеріп, көшеде жүрген: Алматыда пәтер тонаған күдікті жас жігіт ұсталды

Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр

Алматының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында пәтер ұрлығын жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, одан жасырын түрде жеке мүлікті, оның ішінде теледидарды ұрлаған. Жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген.

Жедел шаралардың нәтижесінде полицейлер қылмысты жасаған болуы мүмкін негізгі күдіктіні, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алған деген күдікке ілінген тұлғаны ұстады. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелді.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Пәтер ұрлықтары азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін қылмыстар қатарына жатады. Оларды ашу және барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Әрбір осындай дерек тұрақты бақылауда», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Мақалада

#Алматы #тонау