Жер асты дүмпуі теңіз түбінде 9,19 км тереңдікте болған
Жерорта теңізінде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасының (AFAD) деректеріне сәйкес, жерасты дүмпуі 08.02 күні Түркия уақытымен 01:33-те болған.
Сейсмикалық оқиғаның ошағы теңіз түбінде 9,19 км тереңдікте орналасқаны анықталды. Қазіргі сәтте зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Құзырлы органдар аймақтағы сейсмикалық жағдайды бақылауда ұстап отыр.