07.02.2026, 06:35
Жаңалықтар
Астанада қалың қар мен көктайғақ салдарынан бір таңда 45 жол апаты тіркелді
Қолайсыз ауа райы жолдағы ахуалды ушықтырды
Фото: istockphoto.com
6 ақпанда Астанада таңғы уақыттың өзінде 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала көшелеріндегі апаттардың күрт көбеюіне қалың қар, көктайғақ және көріну деңгейінің төмендеуі себеп болған. Полиция департаменті мәліметінше, апаттың жиіленуі мен көлік қозғалысының қиындауына байланысты жылдамдық режимін қатаң сақтауға, кенет тежелуден аулақ болуға және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстануға шақырады.
Сондай-ақ қала сыртындағы кейбір жол учаскелерінде қозғалыс жиі шектелуіне байланысты алыс сапарларды кейінге қалдыру ұсынылады. Құқық қорғау органдарының ескертуінше, жол жағдайы тұрақталғанға дейін сақтық шараларын күшейту қажет.
Көп оқылған
24.06.2026, 17:09
«Аман-есенмін»: алаяқтар танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевты қайтыс болды деп ақпарат таратқан
24.06.2026, 14:49
Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған 15 шетел азаматы ұсталды (ВИДЕО)
24.06.2026, 17:55
Атырау облысында ер адам 90 жастағы әкесін ас-сусыз, аяқ-қолын байлап, қамауда ұстаған
24.06.2026, 09:42
Шымкентте кәмелетке толмаған қызды алып қашқандар ақыры сотталып кетті