БЦК мен Meezan Bank Қазақстан президентінің Пәкістанға сапары аясында ынтымақтастығын кеңейтті
Meezan Bank Limited – Пәкістандағы ірі және алғашқы исламдық банк
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында Банк ЦентрКредит пен Meezan Bank Limited арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Meezan Bank Limited-пен ынтымақтастық стратегиялық маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Бұл Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қаржы-экономикалық байланыстарды нығайтуға, екіжақты сауданы дамытуға және халықаралық есеп айырысу инфрақұрылымын тұрақтандыруға үлес қосады. Меморандум исламдық банкинг, қаржы нарықтары, сауда қаржыландыруы, құжаттық операциялар, шекарааралық есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді», – деді Банк ЦентрКредит президенті Руслан Владимиров.
Құжатқа қол қою іс-шарасы сапардың іскерлік бағдарламасы және Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумы аясында өтті. Бұл екі елдің қаржы институттары арасындағы банктік өзара әрекеттестікті дамытуда маңызды қадам болды.
Meezan Bank Limited – Пәкістандағы ірі және алғашқы исламдық банк, «Елдің үздік банкі» атағына ие, 1000-нан астам бөлімшесі бар және заманауи цифрлық қызметтерді ұсынады. Банк өнімдік инновациялар мен халықаралық банктік ынтымақтастық саласында жоғары беделге ие.
Лицензия № 1.2.25/195/34, 03.02.2020 ж., ҚР ҚНРДА берген.