Үндістанның әуе компаниясы Алматыға қатынайтын рейстерін тоқтатып тастады
Компания жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады
Үндістандық IndiGo әуе компаниясы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Алматыға қатынайтын рейстерді ақпан айының соңына дейін тоқтататынын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Компанияның мәліметінше, ұшу кестесіндегі өзгерістер әуе рейстерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларға үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігіне байланысты енгізілген.
Атап айтқанда, 3-28 ақпан аралығында IndiGo компаниясының Алматы, Тбилиси, Баку және Ташкент қалаларына бағытталған барлық рейсі тоқтатылды.
«Жағдай өзгеріп отырғандықтан, жоспарларымыз тұрақты түрде бақылауда болады. Кез келген кейінгі жаңартулар немесе өзгерістер туралы хабарлаймыз. Түсіністік танытқандарыңызға, шыдамдылықтарыңызға және сенімдеріңізге алғыс айтамыз», – делінген хабарламада.