$ 503.44  593.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мектепте толғағы келген оқушы: Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлаған зейнеткер 21 жылға сотталды

Кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза тағайындалды

Мектепте толғағы келген оқушы: Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлаған зейнеткер 21 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыға қатысты ауыр қылмыс жасаған зейнеткерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ер адамды 21 жылға бас бостандығынан айырды. Сот материалдарына сәйкес, қылмыс жасады деген күдікпен қыздың әжесінің жұбайы бірден ұсталып, іс толық тергелген.

Сотта анықталғандай, айыпталушыға бірнеше ауыр бап бойынша кінә тағылған. Ол кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот жаза тағайындау кезінде оның зейнеткерлік жасын ескерген. Осыған байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілмей, 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Үкімге сәйкес, сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылы мектепте сабақ барысында 14 жастағы қыздың жағдайы күрт нашарлап, ол ауруханаға жеткізілген. Сол кезде ғана оның жүкті екені анықталған. Кейін жасөспірім облыстық перинаталдық орталықта босанған. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. 

Құқық қорғау органдары күдіктіні сол жылдың қазан айында ұстады. Тергеу мен сот процесі барысында істің барлық мән-жайы жан-жақты қаралып, сот қатаң, бірақ заң аясындағы шешім шығарды.