Жетісуда әкесі аяусыз ұрған үш жасар бүлдіршін хирургиялық бөлімде жатыр
Күдікті қамауға алынып, балалар дәрігерлердің бақылауында
Талдықорған қаласында ер адам өзінің туған үш жасар қызын аяусыз ұрып-cоғып, ауруханадан бірақ шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 38 жастағы ер адам отбасында жанжал шығарып, 30 жастағы жұбайын және кәмелетке толмаған қызын аса қатыгездікпен соққылаған. Оқиға кезінде отбасындағы екінші бала, яғни екі жастағы ұл зардап шекпеген. Қазіргі уақытта екі бүлдіршен де анасымен бірге дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш жасар қыз ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап, қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетіліп жатқанын хабарлады. Балаға әрі қарай емдеу жүргізіліп, динамикалық бақылау жасалуда.
Оқиғаға байланысты әйелін және кәмелетке толмаған қызын ұрды деген күдікпен ер адам ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құқық қорғау органдары отбасындағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтап, заң аясында тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.