$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті

Оның құны – небәрі 28 мың теңге

Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлағаны үшін екі жылға сотталып кетті
Фото: freepik.com

Қосшы тұрғыны мысықтың жатын орнын ұрлап кетіп, артынан қоқысқа лақтырып жібергені үшін екі жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Н. газ магистраліне қосу қызметін ұсыну мақсатымен Г.-ның үйіне келіп, үй ауласынан екі қорапты ұрлап кеткен, нәтижесінде 28 мың теңге материалдық залал келтірілді. Н. жасаған ісіне өкініп, келтірілген залалды өтеді.

Сотта Н. кінәсін мойындап, ұрланған қораптарды ашып қараған кезде олардың мысыққа арналған жатын орын мен ас үйге арналған ұсатқыш екенін көріп, кейін оларды лақтырып жібергенін айтты.

Жәбірленуші ұрланған заттарды курьер арқылы сатып алғанын, курьер оларды үй ауласына қалдырғанын айтты. Ауладағы бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицияға жүгінген.

«А.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және бейнежазбамен дәлелденді. Жаза тағайындауда сот кінәні мойындау және шын өкінуін, келтірілген залалды өтегенін жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді, сондай-ақ сотталушының бұрын 6 рет сотталғанын, оның ішінде ауыр қылмыстар жасағанын да назарға алынды.

Сот үкімімен Н.-ға 2 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды», – делінген облыстық сот хабарламасында.