$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында 23 жастағы жігіт жұрттың 36 млн теңгесін қалтасына басып алған (ВИДЕО)

Аймақта заңсыз call-орталықтың қызметі тоқтатылды

Жетісу облысында 23 жастағы жігіт жұрттың 36 млн теңгесін қалтасына басып алған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысы полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ауқымды интернет-алаяқтықпен айналысқан адамдардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Заңсыз схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call-орталық құрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтар әлеуметтік желілер мен Telegram мессенджері арқылы әрекет етіп, «дроптар» деп аталатын тұлғаларды, сондай-ақ ақшаны қолма-қол айналдыру қызметтерін пайдаланған. Қылмыскерлердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан 57 адам жәбірленді, олардың ішінде кейбір жәбірленушілер бір миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 36 миллион теңгеден асты.

«Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жүрген өзге де күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

Жетісу облысының полициясы азаматтарды қырағылық сақтауға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және алаяқтық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады», – делінген ПД хабарламасында.