08.07.2020, 23:28
Жаңалықтар
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болады
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болатыны ескертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
9 шілдеде түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
9 шілде күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық сақталады.
9 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында 36 градус қатты ыстық болады.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
